Өскеменде 54 көпбалалы отбасы баспаналы болды
Жаңа үйлердің кілтін облыс әкімі Даниал Ахметов табыстады
Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында 54 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Оларға жаңа пәтерлердің кілтін табыс еткен облыс әкімі Даниал Ахметов көпбалалы отбасылардың бүлдіршіндерін халықаралық балалар мерекесімен құттықтадым.
«Күні кеше халықаралық балаларды қорғау мерекесінде қаламыздың кішкентай тұрғындары мен ата-аналарын жаңа қоныстарымен құттықтадым», - деп жазған әкім өзінің парақшасына.
Әкімнің ақпаратына сенсек, 2-3 бөлмелі пәтерлер көпбалалы отбасылар үшін салынған жаңа тоғыз қабатты үйден берілген. Биыл облыс бойынша көпбалалы 190 отбасыға үй беру жоспарда бар.
«Әрбір көпбалалы ана еліміздің тірегі, мақтанышы екенін үнемі айтып жүрмін. Сіздерге көпке өнеге болып, мемлекетіміздің дамуына қосып келе жатқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін», - деп жазған әкім.