Алматыда есірткі курьері ұсталды: күдіктеден синтетиканың ірі партиясы тәркіленді
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды
Алматыда интернет арқылы тыйым салынған есірткі заттарын таратумен айналысқан наркокурьер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тінту кезінде күдіктіден синтетикалық есірткінің ірі партиясы, қаптамалар мен электронды таразылар табылып, тәркіленді. Ол қылмыстық жұмысы үшін сыйақыны криптовалюта арқылы алғаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
«Синтетикалық есірткі қоғамға, әсіресе жастарға үлкен қауіп төндіреді. Біз олардың таралуымен белсенді күресуді жалғастырамыз және азаматтарды мұндай оқиғалар туралы хабарлауға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігер арқылы болашағымызды бұл қауіптен сақтай аламыз», - деді, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.