Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне өткен айда қандай қауіп төнді
Каспий су айдынында браконьерліктің 20 фактісінің жолы кесілді

ҰҚК Шекара қызметі өткен наурыз айында елге қандай қауіп төнгенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 3 429 бұзушы, оның ішінде 2 995 шетелдік азамат жауапқа тартылды.
Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтудің 1 248 фактісінің алды алынды, оның ішінде:
- 27 факті – есірткі заттары, оның ішінде көлемі – 750 литр прекурсорлар;
- 76 факті – қарулар мен оқ-дәрілер;
- 656 факті – жалпы сомасы 14,5 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (54 000 литрден астам);
- 731 факті – жалпы сомасы 3,1 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары;
- 157 факті – жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
«Каспий жағалауындағы аймақта экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көрсетілген кезеңде Каспий су айдынында браконьерліктің 20 фактісінің жолы кесілді. Табиғи мекендеу ортасына Қызыл кітапқа енгізілген бекіре тұқымдас балықтардың 89 данасы (508 кг) және 7 бас каспий итбалығы жіберілді», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Заңсыз балық аулау құралдары тәркіленді:
- 10 дана – жүзу құралдары;
- 22,9 км – торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
- алдын алынған залалдың сомасы 205 млн теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.