$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.06.2020, 21:34
Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан жазылғандардың саны 6 мыңға жуықтады

2 маусым күні ел бойынша тағы 184 адамның айыққаны хабарланып отыр

 

Қазақстанда коронавирустан жазылғандардың саны 6 мыңға жуықтады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, бүгін ауруханалардан 200-ге тарта науқас жазылып шыққан. Олардың көбі Нұр-Сұлтан қаласында.

«Елімізде тағы 184 адам, соның ішінде,

Нұр-Сұлтан қаласында – 26,
Алматы қаласында – 21,
Шымкент қаласында – 14,
Ақмола облысында – 5,
Ақтөбе облысында – 3,
Қарағанды облысында – 24,
Қостанай облысында – 1,
Жамбыл облысында – 8,
Атырау облысында – 65,
Павлодар облысында – 1,
Батыс Қазақстан облысында – 3,
Түркістан облысында – 13 адам коронавирус инфекциясынан жазылды», - деп хабарлайды комиссия.

Осылайша, инфекция тіркелгеннен бері елімізде барлығы 5 941 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты. Жалпы ауырғандардың саны 11 500 адамнан асады.

Серіктес жаңалықтары