02.06.2020, 15:53
Жаңалықтар
Қазақстанда 7 БАҚ қызметкері коронавирус жұқтырған
Бүгін елді індет жұқтырғандар саны 11 571 адамға жетті
ҚР Бас мемлекеттік санитары Айжан Есмағамбетова елімізде 7 бұқаралық ақпарат құралдары қызметкері COVID-19 инфекциясын жұқтырғанын мәлімдеді.
«Республика бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының жеті қызметкері коронавирус жұқтырған. Оның үшеуі жазылып шықты. 4 адам тиісті ем алуда. Бәрінде коронавирустың жеңіл формасы», - деді ол ДСМ-дегі брифингте.
Еске салайық, бүған дейін Евразия телеарнасының қызметкерлері коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат тараған. Содан еліміздегі ең ірі телерадиокешен – Қазмедиа орталығында карантиндік шаралар күшейтілген.
Аай Сейфулла, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды