16 жастағы Шерзат Полатты 4 қазанға қараған түні бір топ жігіт өлтіріп кеткен
Алматы облыстық соты Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты атышулы іс бойынша алғашқы сот отырысының өтетін күнін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс бойынша алдын ала тыңдау сағат 12:00-ге белгіленді. 10 сәуірде Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының ғимаратында өтеді.
Айта кетейік, 4 қазан күні Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Көп ұзамай марқұмның отбасы тұратын үй өртеніп кетті. Құқық қорғау органдары бөтеннің мүлкін қасақана өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.