Тағы да жойқын жер сілкінісі тіркелді: қуаты 7 баллдан асып түсті

Автор: Мөлдір Қазыбай

Әзірге залал туралы ақпарат түскен жоқ

Фото: istockphoto.com

Әлемде тағы бір жойқын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тынық мұхитының оңтүстік-батысындағы Тонга жағалауында магнитудасы 7,1 балдық жер сілкінісі тіркелді.

АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) жер сілкіністері Тонгадан солтүстік-шығысқа қарай 100 шақырымдай жерде болғанын мәлім етті.

Тынық мұхитындағы цунами туралы ескерту орталығы зілзала ошағынан 300 шақырым қашықтықтағы жағалау сызығында қауіпті толқындар болуы мүмкін екенін айтты. Әзірге залал туралы ақпарат түскен жоқ.

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ, цунами қаупі де жарияланған жоқ.