30.03.2025, 18:53
Жаңалықтар
Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті
Олар бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтады
Фото: Ақорда
Қазақстан мен Түркия президенттері бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, екі ел халықтарына бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытуға қос тарап әрдайым дайын екенін жеткізді.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге ықпал ететін жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогты қолдаудың өзектілігі айтылды.
Бұдан бөлек, президенттер көпжақты форматтағы тығыз ықпалдастықты жалғастырудың маңызды екеніне тоқталып, халықаралық ұйымдар аясындағы алдағы кездесулердің кестесін талқылады.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды