Өрттің аумағы 100 шаршы метрді құрады
Ақтаудағы Шығыс-2 шағын ауданында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйден ірі өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, өрт сөндірушілердің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасындажалынның таралуына жол берілмей, өрт толық сөндірілген. Жалпы 100 шаршы метр аумақ отқа оранған.
Құтқару қызметі зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.
«Егер төтенше жағдайға тап болсаңыз, 112 нөміріне хабарласыңыз», – деп ескертті ведомство.