«Не кемпір бол, не қыз бол»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынға алды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол қазақтың ұлттық киімдерін қорламауға шақырды

Фото: instagram.com/aigulelshibayeva01

Танымал дәстүрлі әнші, жыршы Айгүл Елшібаева әлеуметтік желідегі парақшасында хиджаб пен ұлттық киімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Хиджабтың үстінен тақия киіп, тақиямызды қор қылмаңдар. Қазақта қыз – тақия, әйел – орамал, кемпір – кимешек киген. Сендердің хиджабтарыңның үстінен тақия кигенді көрген ана ғасырдың адамы «мынау кемпір ме, әлде қыз ба?» деп таң қалар. Я – кемпір бол, я – қыз бол», — деді ол.

Оның сөзінше, осылай киінетіндер қазақтың қыздарының киімін қор қылып жүр. 

«Бұл әрекеттер салт-дәстүрді білетін қазаққа ерсі болып көрінеді», – деп жазды әнші.