$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

30 млн теңге рәсімделген: павлодарлық әйел алаяқтардан аман қалды

Ол қарыздан да құтылды

30 млн теңге рәсімделген: павлодарлық әйел алаяқтардан аман қалды
Фото: © istockphoto.com

Павлодар облысында белгісіз адамдар 30 миллион теңгеге несие рәсімдемек болған ауыл тұрғыны қарыздан құтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алтай ауылының тұрғыны белгісіз нөмірден келген SMS хабарламаға сеніп, алаяқтарға өзінің деректерін айтып қойған. Оның айтуынша, өзін пошта қызметкері ретінде таныстырған адамдар барлық жеке мәліметтерін атап, курьер арқылы хат жолдайтындарын айтқан. Осыған сенген әйел SMS арқылы келген кодты хабарлаған.

Алайда кейін ол жергілікті пошта бөлімшесіне хабарласқанда, олардың курьерлік қызмет көрсетпейтінін біліп, күдіктеніп қалады. Дереу ауылдың учаскелік инспекторы Рүстем Иманбаевқа жүгініп, көмек сұраған.

«Ол тез әрекет етіп, менің атымнан алынған 30 миллион теңгелік несиелерді жойып үлгерді. Уақытылы көрсетілген көмегі үшін алғыс айтамын. Егер ол болмаса, қарызға батып кетер едім», – деді ауыл тұрғыны.

Өз кезегінде полицей Рүстем Иманбаев азаматтардың өтінішіне жылдам жауап беру оның негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары