Президент Таиландтың премьер-министріне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жер сілкінісіне байланысты Таиландтың премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты осы елдің премьер-министрі Пхэтхонгтхан Чинаватқа және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.
Президент табиғат апаты кезінде жарақаттанғандардың тез арада сауығып, отбасыларына дін аман оралуына тілектестігін білдірді.
Айта кетейік, осыған дейін Мьянма жерінде зілзаладан биік ғимараттар қирап жатқаны туралы хабарланған болатын.