Ақмола облысында ауылдарды су басып, жолдар жабылуы мүмкін

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер ескерту жариялады

Фото: ҚР ТЖМ

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абай облысында шаңды дауыл соғып, қатты жел соғады.

Алматы, Атырау, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, екпіні 25 м/с жел соғады.

Риддер мен Өскемен қалаларында қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы өзгеріссіз қалады.

Алматы, Қонаев қалаларында, Қарағанды, Жетісу облыстарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан жоғары болады.

Ақмола облысында қыс бойы жауға қардың жылдам еруі, тиісінше аймақтағы өзендерде су деңгейінің жоғарылауы, қауіпті деңгейден асуы мүмкін, соның салдарынан жолдар мен елді мекендерді су басуы мүмкін.