Алматыда көпқабаттың үйдің жанынан бойжеткеннің мәйіті табылды

Автор: Асыл Арман

Қайғылы оқиға 27 наурыз күні таңертең болды

Фото: istockphoto.com

Алматыда көпқабатты тұрғын үй кешенінің жанынан 19 жастағы бойжеткеннің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға «Кәусар» тұрғын үй кешенінде 27 наурыз күні таңертең болды. 19 жастағы қыз биіктен құлап кеткен.

«Алмалы аудандық ІІБ-нің полиция бөлімшесі 19 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД.

Тәртіп сақшылары оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.