Айтуынша, қыз баланың мойнында өзіне белгілі бір кезеңдерде жауапкершілігі болады
Танымал әнші Абай Бегейдің 16 жасында тұрмысқа шыққан қызы қыз баланың өміріне қатысты сырын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айтуынша, қыз баланың мойнында өзіне белгілі бір кезеңдерде жауапкершілігі болады.
«Қыз ғұмыры – балалықтың бал дәуренінен басталып, бойжеткендік сұлулықпен жалғасып, келіндік ибамен толықсып, аналық мейіріммен кемелденетін қасиетті жол. Әр кезеңнің өзіне тән қуанышы мен жауапкершілігі бар.
Қыздарымыздың ғұмыры бақытты, жолы жарық болсын!» - деп жазды Сымбат Абайқызы.
Айта кетейік, өткен жылдың жазында әншінің қызы 16 жасында тұрмысқа шығып, елдің назарын өзіне аударған болатын.