$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда АЭС салу бойынша Оңтүстік Кореяның өкілдерімен кездесу өтті

Атом энергиясы жөніндегі агенттік арнайы хабарлама таратты

Қазақстанда АЭС салу бойынша Оңтүстік Кореяның өкілдерімен кездесу өтті
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша Оңтүстік Кореяның өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанда АЭС салу бойынша ықтимал ядролық технологиялар жеткізушілерімен жүргізіліп жатқан бәсекелестік диалог аясында Оңтүстік Кореяның KHNP (Korea Hydro & Nuclear Power) компаниясымен кездесу өтті.

«Тараптар атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, кадр даярлау, жергілікті өндірісті дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев KHNP компаниясының заманауи реакторларды жобалау, салу және пайдалану тәжірибесін атап өтіп, халықаралық серіктестермен ашық әрі әділ бәсекеге негізделген диалог жүргізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

KHNP компаниясының бас директоры Чухо Уанг Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыру үшін Оңтүстік Кореяның тәжірибесін ұсынуға дайын екенін мәлімдеп, екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді», - делінген Атом энергиясы жөніндегі агенттік хабарламасында.

Аталмыш кездесу Қазақстанда АЭС салу жобасы бойынша ықтимал ядролық технологиялар жеткізушілерімен жүргізілген келіссөздердің қорытынды кезеңі болды.

Серіктес жаңалықтары