Павлодарда 237 км/сағ жылдамдықпен жүрген жүргізуші ұсталды
Жыл басынан бері 21 мыңнан астам жүргізушіге қатты жүргені үшін айыппұл салынған

Павлодарда 237 км/сағ жылдамдықпен жүрген жүргізуші айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, жыл басынан бері 21 мыңнан астам жүргізуші жылдамдық режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
Күн сайын облыс жолдарында полиция қызметкерлері жылдамдық режимін бұзған жүргізушілердің жолын кеседі. Тәжірибе көрсеткендей, көптеген апаттар көбінесе дұрыс таңдалмаған қозғалыс жылдамдығының нәтижесі болып саналады. Әрбір жүргізуші жолдың әртүрлі бөліктерінде белгіленген жылдамдық шектеулерін сақтау өте маңызды екенін түсінуі керек.
«Тек осы жылы жылдамдық режимін бұзған 21269 жүргізуші жазаланды. Мысалы, Қалқаман кентінің маңындағы Астана-Павлодар автожолында Land Rover Range Rover автокөлігі ұсталды, ол 237км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан автомагистральда көзделген жылдамдық режимін бұзды. Енді оған «әуесқойға» айыппұл төлеуге тура келеді», - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті.