«Төреғалидің атасы ма?»: Қайрат Нұртасқа тілегін айтпақ болған қария оны шошытып алды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқиға Қайрат Нұртастың Шымкенттегі ән кештерінің бірінде болған болуы мүмкін

Фото: Видеодан скрин

Әнші Қайрат Нұртасқа концерттердің бірінде тілегін айтпақ болған қария оны шошытып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайрат Нұртасқа тілегін айту үшін сахнаның алдына келіп, әншіні жанына шақырып алды.

«Рақмет. Ашуланбаңызшы. Қорқып кеттім ғой», - дейді Қайрат Нұртас қариядан ұзай беріп.

Жұрттың пікіріне сүйенсек, ән кеші жуырда Шымкентте өткен. Әлеуметтік желіде таралған видеоға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

«Төреғалидің атасы ма деп қорқып кетті», «Шығып кетсін бе, ағайын?», «Әбден жүректері шайлығып қалған ғой», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, жуырда тойлардың бірінде конкурсқа қатысып, ән айтқан Қайрат Нұртас сынға қалған болатын.