Қазақстанның құтқарушы қызметкерлеріне алғаш рет ұшақ берілді
Ұшақты беру салтанатты рәсімі ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтің қатысуымен өтті

Қазақстанның құтқарушыларына құтқару операциялары үшін алғаш рет ұшақ берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі алғаш рет L‑410 көпмақсатты қос моторлы ұшағын алды. Ол төтенше жағдайларға тезірек ден қоюға және алыс аудандарға көмек жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл әуе кемесін пайдалануға беру елдегі азаматтық авиацияның дамуына ықпал етеді, өйткені ол ұшқыштардың біліктілігін арттырады, заманауи әуе кемелерін қолдануды кеңейтеді және қиын жағдайларда жеңіл авиацияны пайдалануға жаңа мүмкіндіктер жасайды.
Ұшақты беру салтанатты рәсімі ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтің қатысуымен өтті. Ведомство басшысы бұл ұшақ құтқару бөлімшелерінің ұтқырлығын едәуір арттыратынын және табиғи апаттардың, авариялар мен басқа да оқиғалардың салдарын тиімді жоюға көмектесетінін атап өтті.
«Мемлекет басшысының қолдауының арқасында бүгін біз Қазақстан ТЖМ үшін L 410 ұшағын алу – тарихи оқиғаға куә болдық. Бұл қадам бізге құтқарушыларды, құрал-жабдықтарды және гуманитарлық көмекті еліміздің ең шалғай бұрыштарына жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Ұшақ біздің жұмысымызда сенімді және жан-жақты көмекші болады. Мен «Қазавиақұтқару» АҚ базасында авиажасақтар құру бағдарламасына бастамашы болдым, - деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.
L-410 Қазақстан ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ авиациялық паркінің құрамына кіреді. Оның негізгі мақсаты – жағдайды бақылау, гуманитарлық жүктерді және жеке құрамды тасымалдау, сондай-ақ зардап шеккендерді эвакуациялау.