Германия президенті канцлер мен оның үкіметін отставкаға жіберді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Дегенмен олар міндетін атқарушы ретінде уақытша қызметінде қалады

Фото: istockphoto.com

Штайнмайер канцлер мен үкіметті отставкаға жіберді. Оларға отставкаға кеткені туралы хабарландыру берілді, дегенмен олар міндетін атқарушы ретінде уақытша қызметінде қалады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Германия Федеративтік Республикасының Негізгі Заңының 69-бабына сәйкес канцлер мен министрлер жаңа Бундестагтың шақырылған күні жұмысын тоқтатады. Оның алғашқы отырысы 25 наурызда өтті.

Алайда Штайнмайер Шольц пен барлық 14 министрден уақытша қызметте тағы бірнеше апта қызметте қалуды сұрады. Бұл тәртіп заңмен де қарастырылған.

Канцлер мен министрлер жаңа үкімет жасақталғанша жұмысын жалғастырады.