Қазақстанның бірнеше облысында тасжолдарды су басып қалды

Автор: Мөлдір Қазыбай

«ҚазАвтоЖол» тасжолдардағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com/Marc Bruxelle

Қазақстанның үш облысында су тасқынына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы:

  • «Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

  • Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

«Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

«Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 260 арнайы техника мен 574 маман жұмылдырылды», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.