Жақында ол Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізіледі
Жаңаөзен қаласындағы «Заңғар» сауда орталығында болған өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші-құтқарушы зардап шекті. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Өрт сөндіру бөлімінің қызметкері жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында. Жақында ол Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізіледі.
Оның жағдайын Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бақылап отыр. Толық мәліметтер кейінірек хабарланады.
Еске салайық, Жаңаөзенде салынып жатқан сауда орталығында өрт шыққан болатын.