$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жүрегім қалып кеткендей»: Германияға көшіп кеткен ер адам Қазақстанға деген сағынышын айтты (ВИДЕО)

Ол өз сөзінде Қазақстанға оралғысы келетінін айтып, ішіндегі шерін шығарды

«Жүрегім қалып кеткендей»: Германияға көшіп кеткен ер адам Қазақстанға деген сағынышын айтты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Германияға отбасымен бірге қоныс аударып кеткен ер адам Қазақстанға деген сағынышын айтып, жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеоға мән берсек, ер адам камераның бер жағындағы жұбайымен сөйлесіп тұрғанын байқауға болады.

«Күні бойы көңіл күйі жоқ. Билет алатын қосымшамен ұйықтап, сонымен бірге оянады. Әлі үйімізге жөндеу жүргізуіміз керек. Қазақстанға бір-екі жылда барармыз. Оның үстіне өткен жылы ғана барып келдік. Оның орнына Испанияға Майоркаға барып, жағажайда демалып қайтайық. Ол жаққа барып-қайтуымызға ақша аз кетеді.», - дейді ер адамның әйелі.

Ол өз сөзінде Қазақстанға оралғысы келетінін айтып, ішіндегі шерін шығарды.

«Үйдің жөндеу жұмысы ешқайда қашып кетпейді. Қай кезде көңіліміз қалағандай өмір сүреміз? Қазақстанда жүрегім қалып кеткендей. Сен теңіз, мұхит дейсің. Ал мен Қазақстанға барғым келеді. Ол жақ жып-жылы, жаның жай табады», - деп Андрей есімді ер адам мұңға батты.

Серіктес жаңалықтары