$ 501.81  541.5  5.96
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тараздағы сауда үйлерінің бірінен жылан табылды

Ол қала сыртындағы табиғи ортаға жіберілді

Тараздағы сауда үйлерінің бірінен жылан табылды
Фото: ТЖМ

Тараз қаласындағы сауда үйлерінің бірінен жылан табылып, құтқарушылар оны ұстап алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«112 нөміріне қаладағы сауда үйлерінің бірінің қызметкері жыланның табылғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы «жылан ұстағыш» құрылғысының көмегімен оны қауіпсіз ұстап алды», – делінген ресми мәлімдемеде.

Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жылан қала сыртындағы табиғи ортаға жіберілді.

Министрлік тұрғындарға жылан кездескен жағдайда сабыр сақтап, адамдарды бөлмеден шығарып, жәндікті оқшаулап, дереу құтқарушыларға хабарласуға кеңес береді. Жыланды өз бетімен ұстауға әрекеттену қауіпті болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары