Қазақстандық парадзюдошылар Әлем кубогында үш медаль алды

Автор: Дәулет Ботагөз

Олар екі алтын және бір күміс медаль иеленді

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық парадзюдошылар Тбилисиде өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде жоғары нәтижеге қол жеткізді. Спортшыларымыз екі алтын және бір күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

24-25 наурыз күндері Грузия астанасы Тбилисиде көру қабілеті төмен спортшылар арасында парадзюдодан Әлем кубогы өтуде. Жарысқа 19 елден 120-дан астам спортшы қатысуда.

Бірінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының спортшылары екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды. 48 келі салмақта (J2) сынға түскен Ақмарал Науатбек пен 52 келіде (J1) күрескен Альфия Тлекқабыл өз салмақ дәрежелерінде алтын жүлдегер атанды. Ал 81 келіде (J2) бақ сынаған Ғалымжан Смағұлов күміс медаль еншіледі.

25 наурызда жарыс жолына Ерлан Үтепов (J1 +95 кг), Талғат Ажғалиев (J2 +95 кг), Бағланбек Оналбек (J1 +95 кг) және Абылай Әділбеков (J1 +95 кг) шығады.