Зардап шеккендер жоқ
Маңғыстау облысындағы сауда орталығының бірінші қабатында 300 шаршы метр аумақты қамтыған өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай түнгі уақытта Жаңаөзен қаласының 1-шағын ауданында орналасқан екі қабатты ғимаратта болған.
«Өрт сөндірушілердің жедел және кәсіби әрекеттерінің арқасында оттың бүкіл ғимаратқа таралуына жол берілген жоқ. Өрт 300 шаршы метр аумақта сөндірілді», – делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, ал өрттің себептері анықталып жатыр.