Облыста көшкін қаупі төнген 55 учаске бар
Алматы облысының таулы аймақтарында 24-30 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі жоғары деңгейде болады. Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, облыс аумағында көшкін қаупі төнген 55 учаске бар. Олар негізінен Іле Алатауы жотасының оңтүстік беткейіндегі Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында орналасқан.
Қар көшкіні ауа температурасының күрт көтерілуінен, қар мен жаңбыр түріндегі мол жауын-шашыннан болуы мүмкін. Құтқарушылар тұрғындар мен туристерді қарлы тау бөктерлеріне шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.