$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысында жолшыбай көлікке отырған ер адам із-түзсіз жоғалып кетті

Ол Ақтау қаласына кетіп бара жатқан жолда жоғалып кеткен

Маңғыстау облысында жолшыбай көлікке отырған ер адам із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысында жолшыбай көлікке отырған 33 жастағы ер адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Lider.kz мәліметінше, 17 наурыз күні сағат 05:00-де Ерлан Есмағамбетов «Кендірлі» демалыс орталығынан Ақтауға жету үшін жолшыбай кетіп бара жатқан көлікке мінген. Біраз жол жүргеннен кейін ол көліктен түсіп қалған. Ол негізгі асфальтталған жолға жету үшін шамамен 20 минут жаяу жүруі тиіс болатын.

Әзірге Ерлан Есмағамбетовтің қайда екені туралы ештеңе белгісіз.

Оның бойы – 170-175 сантиметр, орта денелі, көзі қара, шашы қысқа.

Киімі: «ATФ» деген жазуы бар қара күртеше, спорттық трико және қара кроссовка.

Ерлан Есмағамбетовтің Ақтау қаласындағы 17-шағын ауданда орналасқан №3А үйде тұратыны көрсетілген.

Хабар-ошарсыз кеткен адам туралы мәлімет білетіндер мына телефон нөмірлеріне хабарласуы қажет: +7 (700) 499-72-92 немесе 102.

Серіктес жаңалықтары