$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда ер адам мұз астына түсіп кетіп, өлім аузынан қалды

Куәгерлер құтқарушыларға жылдам хабарлап үлгерген

Петропавлда ер адам мұз астына түсіп кетіп, өлім аузынан қалды
Фото: Astana TV

Петропавлдағы «Жеңіс» саябағындағы шолу алаңының маңында 56 жастағы ер адам мұз астына құлап кетті. Куәгерлері 112 нөміріне жылдам хабарлап үлгерді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Astana TV-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары ер адамды жағадан 40 метр жерден тапты.

Арнайы құрал-жабдықтардың, оның ішінде құтқару арқаны мен құтқару дөңгелегінің көмегімен 1969 жылы туған ер адамды мұзды судан аман алып қалды. Құтқарылған адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, дейді құтқарушылар.

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райына байланысты жұқа мұздың үстіне шығудан сақ болуы керектігін еске салды.

Серіктес жаңалықтары