Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды

Автор: Дәулет Ботагөз

Эпицентр Алматыдан 207 шақырым қашықтықта орналасқан

Фото: © istockphoto.com

24 наурыз 2025 жылы Астана уақытымен 11:17-де Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 207 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан.

«Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілген жоқ», — делінген хабарламада.