Ол жақта 25 адам тағылымдамадан өтіп жүр
Түркияда тағылымдамадан өтіп жатқан «Болашақ» бағдарламасының 25 қазақстандық стипендиаты қауіпсіз жерде. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Стипендиаттар орталықтың кураторларымен және Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста. Қажет болған жағдайда олар көмекке жүгіне алады.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» Қазақстан азаматтарына сақтық шараларын сақтауға, адам көп жиналатын орындардан аулақ болуға және жергілікті биліктің нұсқауларына бағынуға кеңес беретін Сыртқы істер министрлігінің ұсыныстарын еске салды.
Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерінің байланыс телефондары:
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» жағдайды бақылауда ұстап, стипендиаттармен тұрақты байланыста болатынын мәлімдеді.