$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетауда есірткі шегіп алған ер адам мектепке баса-көктеп кірген

Ол ғимаратының терезесін сындырып, ішке кіруге тырысқан

Көкшетауда есірткі шегіп алған ер адам мектепке баса-көктеп кірген
Фото: Nayza Kokshe

Көкшетауда №13 мектеп-гимназиясының аумағына есірткі әсеріндегі ер адам заңсыз кіріп, мектеп ғимаратына кіруге әрекет жасады. Бұл туралы Nayza Kokshe мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .

Оқиға 23 наурыз күні күндіз болған. Бейтаныс ер адам мектептің бас ғимаратының терезесін сындырып, ішке кіруге тырысқан. Оқиға сәтсіз аяқталған соң, қолынан қан аққан күйде бастауыш сынып корпусына қарай бет алған. Ол жабық есікті бұзып, турникеттен секіріп өтіп, ғимаратқа кіріп кеткен.

Оқиға орнына мектептің күзетшісі дабыл түймесін басып, жедел әрекет ету тобын шақырды. Келген полицейлер бұзақыны ұстап, құқық қорғау органдарына тапсырды.

Зардап шеккендер жоқ, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, медициналық тексеру кезінде ер адамның есірткі қолданғаны анықталды және ол жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары