$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада әйелдің қолы қамыр жаятын аппаратқа қысылып қалды

Оны арнайы құралдардың көмегімен босатып алды

Астанада әйелдің қолы қамыр жаятын аппаратқа қысылып қалды
Фото: ТЖМ

Астанада әйелдің қолы қамыр жаятын аппаратқа қысылып, оны құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен босатып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға Сарыарқа ауданында болған. 1983 жылы туған әйелдің қолы өндірістік қамыр жаятын құрылғыға кіріп кетіп, өз бетінше шығара алмаған.

«Оперативті-құтқару жасағының мамандары шұғыл жетіп, арнайы құралдар арқылы қысылған қолды босатты. Зардап шеккен әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі өндірістік жабдықтармен және тұрмыстық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары