24.03.2025, 08:52
Жаңалықтар
Риддерде қошқар көтеру жарысында жақында босанған әйел жігіттерді шаң қаптырып кетті (ВИДЕО)
Ол қошқарды мойнына отырғызып, 100 рет отырып, тұрды
Фото: Видеодан скрин
Риддерде өткен қошқар көтеру сайысында әйел адам жеңімпаз атанды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Noks.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Айым Нұржанова ерлермен бірге қошқар көтеру жарысында 100 рет отырып, тұрып қарсылас шақ келтірген жоқ.
«Бұл нәтиже мен үшін қалыпты жағдай. Бірнеше жылдан бері бразилиялық жекпе-жек өнерімен айналысып келемін, мұнда күш жаттығуларына баса назар аударылады. Штангамен үнемі жаттығу жасаймыз. Жақында ғана ана атандым, бірақ спорттық шеберлігімнен айырылған жоқпын. Бұл жеңістің кілті болды», - деп мойындады чемпион.
Айымға сый ретінде өзі көтерген қошқар берілді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды