$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында әйел адам жарты млн теңге беріп, ұлын әскерден босатып алмақ болды

Ол алаяққа алданып, ақшасынан айырылып қалды

Қызылорда облысында әйел адам жарты млн теңге беріп, ұлын әскерден босатып алмақ болды
Фото: istockphoto.com

Қызылорда облысында ұлын әскерден босатып алмақ болған әйел адам алаяққа алданып, 550 мың теңгесінен айырылып қалды. Алайда сотта іс тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алаяқтық туралы іс Арал аудандық сотында қаралды.

«Сотталушы Н.С. жәбірленушінің сеніміне кіріп, алдап, одан 550 мың теңге алған. Оған ұлын таныстары арқылы әскерге шақырудан босатуға көмектесетінін айтқан», — делінген Қызылорда облысы сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алайда, жәбірленуші кейін сотқа қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішпен жүгінді. Ол өзінің сотталушымен татуласып, ақшасын өнідіріп алғанын айтқан.

Қарастырылып отырған қылмыстық әрекет ауырлығы төмен санатқа жатады. Сондықтан сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары