$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысында 250 жыл бұрын салынған Бекет Ата жерасты мешітіне табиғи газ берілді

Тарихи нысан 1771-1775 жылдары тұрғызылған

Маңғыстау облысында 250 жыл бұрын салынған Бекет Ата жерасты мешітіне табиғи газ берілді
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан көне Бекет Ата жерасты мешітіне табиғи газ берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, жоба жеке кәсіпкердің қаражаты есебінен 2025 жылдың қаңтарында басталып, үш айға жуық уақыт ішінде толық аяқталды. Жалпы ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын газ құбырының тартылуы – мешітке келушілер үшін қолайлы жағдай жасап қана қоймай, тарихи нысанның сақталуына да оң әсерін тигізбек.

Жиында сөз сөйлеген Бекет Атаның жетінші ұрпағы Қалымбегі Ташов ата бүгінгі табиғи газдың тартылуы – ата-бабалар аманатына деген құрметтің белгісі екенін атап өтті.

«Бекет Ата мешітіне табиғи газ тартылуы – бұл тек тұрмыстық қолайлы жағдай ғана емес, бабалар мұрасына деген құрметтің айқын көрінісі. Киелі орындарымыздың сақталуы – болашақ ұрпаққа аманат. Осы игілікті іске атсалысқан жандарға алғысым шексіз, берекеміз арта берсін», - деді Ташов Қалымбегі ата.

Айта кетейік, Бекет Ата жерасты мешіті – Қазақстанның жалпыұлттық сакралды нысандарының бірі. 1771-1775 жылдары тұрғызылған бұл ерекше сәулет туындысы жартасқа ойылып салынған және үш бөлмеден тұрады. Мешіттің негізгі бөлмесі дөңгелек пішінде жобаланып, төбесі жазық күмбез тәрізді жасалған. Оның сыртқы келбеті қазақтың дәстүрлі киіз үйіне ұқсайды.

Серіктес жаңалықтары