$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаныш Сәтбаев өткен ғасырда Марсты зерттемек болғаны туралы мәлімет тарады (ВИДЕО)

Алматыдағы Астрофизика институтының деңгейі жайлы белгілі болды

Қаныш Сәтбаев өткен ғасырда Марсты зерттемек болғаны туралы мәлімет тарады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Академик Қаныш Сәтбаев өткен ғасырдың 45 жылдары Марсты зерттемек болғаны туралы мәлімет тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ғалымның ғылыми ізденісі жайлы «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы, зерттеуші Санжар Керімбай «Qalam» YouTube каналына берген сұхбатында айтып берді.

«Зерттеңдер. Әсіресе Марсты зерттеңдер», - деп бағдарлама жүргізушісі Қаныш Сәтбаевтың бір сөзін мысалға келтірді.

Журналистің бұл ойы туралы Санжар Керімбай түсіндіріп өтті.

«Жердің бетінде адам көбейеді, ресурс азаяды, ауызсу тапшы болады, адамдар қысылып, тыпыршып, тіршілігін жалғастыру үшін өзге планета іздеуге мәжбүр болады дегенді сол 45 жылы есептеген.

Астрофизика деген өзі кенже дамыған, бертінде пайда болған, линзаның шығуымен байланысты ғылым ғой. Сол кезде Тихов пен Фесенков келіп қалыпты (ред. – Қаныш Сәтбаевқа). Соларды ұстап алып, «тоқтай тұрыңдар, мен сендердің жағдайларыңды жасаймын, бөлек обсерватория соғып беремін», депті. Сол обсерватория Көктөбе жақта әлі тұр. Соғыстан кейінгі кезең. Берлинде Обсерваторияда тұрған жұлдызды көретін телескоптардың бәрін жеткізіп берген. Сол жерде екеуіне (ред. – Тихов пен Фесенков) «Марсты зерттеңдер, сендер түптің түбінде, болашақта перспектива солай қарай кетеді», деген», - деп Санжар Керімбай түсіндіріп өтті.

Ол сөзін жалғай отырып, Алматыдағы Астрофизика институтының деңгейі жайлы қозғады.

«Шынымен сол кезде Тихов пен Фесенковке жағдай жасаудың арқасында Алматыдағы Астрофизика институтының күшейіп кеткені соншама, тіпті 60-жылдары НАСА-ның өзі онымен санасатын жағдайға келді», - дейді Санжар Керімбай.

Серіктес жаңалықтары