Бұл қалаларда ауа сапасы нашарлайды
23 наурызда Астана мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» мәліметтеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар зиянды заттардың ауада жиналуына ықпал етеді. Бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Мамандардың ұсынысы:
Метеорологтар ауа сапасының өзгерісін бақылап отыруға кеңес береді.