Тоқаев Машкевичтің жақындарына көңіл айтты

Автор: Мөлдір Қазыбай

Президенттің көңіл айту жеделхатын баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жариялады

Фото: Instagram/ergkazakhstan

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ERG және «Еуразиялық банк» иелерінің бірі Александр Машкевичтің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президенттің көңіл айту жеделхатын баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жариялады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Александр Машкевичтің қайтыс болуына байланысты марқұмның жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы жеделхатта оның Қазақстан өнеркәсібін дамытуға сіңірген еңбегін атап өтті», - делінген көңіл айту жеделхатында.

Айта кетейік, осыған дейін Александр Машкевич 71 жасында өмірден өткені туралы хабарланған.