Оқиға Наурыз мерекесін атап өту барысында болған
Жамбыл облысында Наурыз мерекесіне орай жиналған жұртты асау ат балалармен бірге таптап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаны куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Кадрдан асау аттың үстіндегі иесіне бағынбай, жиналғандардың қағып-соғып өткенін, жұрттың зардап шекпес үшін жапа-тармағай үрейлене қашқанын көруге болады.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның тіркелгенін хабарлады. Азаматтар ауыр дене жарақатын алмаған және медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Полицейлер тексеру жүргізді, оның барысында жануардың иесі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.