Ауыл мешітінде намаз оқып жатқан 44 адам өлтірілді

Автор: Дәуренқызы Алма

Оларға лаңкестік топ шабуыл жасаған

Фото: pixabay.com

Нигер республикасының үкіметі Фонбита ауылындағы мешітке жасалған лаңкестік шабуылға байланысты үш күндік ұлттық аза тұту жариялады. Бұл туралы Télé Sahel мемлекеттік телекомпаниясы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар саны – 44 адам, олардың барлығы бейбіт тұрғындар. Сонымен қатар 13 адам жарақат алды», – деп мәлімдеді Télé Sahel өкілдері.

Қолда бар ақпарат бойынша, бұл қылмысты Үлкен Сахара исламдық мемлекеті содырлары жасаған. Олар Мали Республикасымен шекаралас аумақта лаңкестік әрекеттер жүргізіп келген.

Ел басшылығы бұл шабуылға кінәлілердің жауапкершіліктен құтылмайтынын мәлімдеді. 

«Лаңкестер де, олардың демеушілері де тиісті жазасын алады», – делінген ресми хабарламада.