$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жарты гектар жерге тарады: Алматыдағы «Думан» ықшамауданында өрт шықты (ВИДЕО)

Өрт 00:45-те сөндірілді

Жарты гектар жерге тарады: Алматыдағы «Думан» ықшамауданында өрт шықты (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Бүгін Алматыда күннің ыстық болуына байланысты «Думан» ықшамауданында өрт шыққаны хабарланды. Желіде тараған бейнежазбаға қарағанда, құрғақ ағаш өртеніп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) мәліметінше, өрт Медеу ауданындағы Иштван Коныр көшесінің бойында басталған. Алдын ала деректер бойынша, жалын 0,5 гектар аумаққа тараған.

«Өрттің жеке үйлерге таралу қаупі жоқ. Алайда өртті сөндіру жұмыстары тік еңіс пен қатты желдің салдарынан қиындап отыр», – деп хабарлады ТЖД.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 51 қызметкер, 11 өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ «Алматы Тазалық» және «Алматы Құтқару қызметі» мекемелерінің мамандары жұмылдырылған.

ТЖД мәліметінше, 00:45-те өрт толық оқшауланып, аумақ бақылауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #өрт #ТЖМ