21.03.2025, 22:20
Жаңалықтар
Астанада жүгенсіз ат көлікке соғылып, тұрғындардың зәресін алды (ВИДЕО)
Көліктің терезесі сынып, капоты майысып қалды
Фото: видеодан кадр
Астанада ерекше жол-көлік оқиғасы – көшеде шауып бара жатқан жылқы көлікке соқтығысып, жол қозғалысын біраз уақытқа бұзды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Куәгерлердің түсірген видеосында шабандоздың қашқан атты қуып жетуге тырысқаны, бірақ жануардың кенеттен жолға шығып, көлікке соғылғанын көруге болады. Соқтығыс салдарынан көліктің терезесі сынып, капоты майысып қалған, алайда жылқы зардап шекпей, жүгіріп кете берген.
Тұрғындардың таңданысын тудырған бұл оқиға Наурыз мерекесі қарсаңында болды.
Қала полициясы: «Аталған жағдай бойынша ешқандай ресми шағым немесе хабарлама түскен жоқ», – деп мәлімдеді.
Көп оқылған
01.07.2026, 16:04
СҚО-да жол апатынан кейін мас жолаушы жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
02.07.2026, 14:58
Алакөлде қайғылы оқиға: суға батқан анасы мен қызын құтқарушылар жағаға алып шықты