Оның жазбасы көптеген жылы лебізге ие болды
Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімоваоқырмандарымен өмірлік философиясын бөлісті. Ол өзінің Instagram парақшасында тауда түсірілген фотосуреттерін жариялап, ой тереңдігімен ерекшеленетін жазба қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Фотоларда актриса қар үстінде қара пальто киіп отырған сәті бейнеленген. Жұлдыз Әбдікәрімова суреттердің астына:
«Әлсіздік – мықтылықта,
Мықтылық – сабырда,
Сабырым – тыныштықта…» – деп жазды.
Бұл жазба оқырмандар арасында қызығушылық тудырып, көптеген пікір мен жылы лебізге ие болды.