Алматыда коньки тебу маусымы ұзартылды
Алматыдағы әйгілі «Медеу» мұз айдыны 25 наурызға дейін жұмыс істейді, содан кейін екі жылға жабылып, күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық әкімдік «Медеуді» ауқымды жаңғырту жоспарын жариялады. Жобаға инженерлік жүйелерді толық жаңарту, салқындату жүйесін ауыстыру және жаңа серуендеу аймақтарын жасау кіреді.
«Жөндеу EPC-келісімшарт негізінде жүргізіледі, яғни бір компания жобалаудан бастап құрылысқа дейінгі барлық жұмысқа жауапты болады. Мердігер ашық конкурс арқылы таңдалады, ал жобаның нақты құны мемлекеттік сараптамадан кейін белгілі болады», — делінген хабарламада.
Мұз айдыны 53 жыл ішінде тек бір рет, 2008 жылы жөндеуден өткен. Содан бері нысан жаңартылған жоқ, ал тұрғындар нашар жарықтандыруға, «денсаулық баспалдақтарының» жағдайына және биотуалеттердің жетіспеушілігіне бірнеше рет шағымданған.
Жоба аясында:
Жөндеуді жергілікті әкімдік қаржыландырады, ал нақты бюджет көлемі мемлекеттік сараптамадан кейін анықталады. Мердігер компания ашық конкурс негізінде таңдалады.