Жақында оның кәсіпкер Жұмабек Жанқұловқа тұрмысқа шыққаны белгілі болды
Танымал тележүргізуші бұған дейін дүркіретіп той ұйымдастырмайтынын айтқанымен, қазақстандық дизайнер Наиль Байкучуковке той көйлегін тіктіруге тапсырыс беріп қойғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы дизайнер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Динара Сатжан Ыстамбұлға бір-екі күнге ғана ұшып келді. Әрине, біз кездесіп, жылы қауыштық. Келесі күні кофе ішуге шыққанымызда ол маған той көйлегі керек екенін айтты. Мен қатты қуанып, шабыттана түстім. Динара менің музам болғандықтан, жұмысқа бірден кірістім», – деді Байкучуков.
Алайда келесі күні Түркияда наразылық акциялары басталып, көйлекті алдын ала киіп көруге мүмкіндік болмаған. Дегенмен тігінші жұмысын жалғастырады және ең әдемі қалыңдық көйлегін тігіп шығатынына сенімді.