Әнші шетелде жүріп жазушыны ақтық сапарға шығарып сала алмап еді
Бүгін, ол Алматыдағы қаламгердің үйіне барып, отбасына жеке көңіл айтқан көрінеді. Әнші шаңырақ иесінен айырылған үйдің фотосуреттерін бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Дулат ағамның кабинеті де, демалатын креслосы да бос… Ағау, ұлттың, мәдениеттің мәңгі жүрегіндесіз», – деп жазады әнші.
Бұған дейін шетелде, Америка Құрама Штаттарында жүрген Айгүл Иманбаева қазақ әдебиетінің қара нары Дулат Исабековтың қазасына қатысты көңіл айтып, қоштасуға келе алмайтынына өкінгенін жазған едік.
«Барша Қазақ халқына қайғырып көңіл айтамын. Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабеков дүниеден озды», – деп бастады сөзін актриса.