Қоймалар өртенгенге ұқсайды
Алматы облысы, Жармұханбет ауылында өрт тұтанып, оны сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала дерек бойынша, қоймалар өртеніп жатыр. Видеоматериалдардан өрттің күндіз тұтанғанын көруге болады. Екінші видеоға назар салсақ, өрт толық сөндірілмеген.
«Жанып біткен ғой. Ештеңе қалмаған. Қаншама өрт сөндіруші көліктер тұр», – дейді видео авторы.