$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында жалған долларлар сатып жүрген күдікті ұсталды

Күдіктіден 750 АҚШ долларын құрайтын купюра табылды

Атырау облысында жалған долларлар сатып жүрген күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Атырауда ірі көлемде жалған АҚШ долларын сатумен айналысқан күдікті ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 50 АҚШ долларын сатумен айналысқан 24 жастағы ер адамды анықтады.

Тінту кезінде күдіктіден жалпы сомасы 8 750 АҚШ долларын құрайтын 175 дана жалған 50 долларлық купюра табылып, тәркіленді. Сол сияқты оның шет мемлекеттерден көлік әкеліп, сататындығы анықталды.

Қазіргі таңда күдіктінің жалған ақша қаражаттарын қайдан алғаны және қайда өткізбек болғаны тексеріліп жатыр. Күдіктіге қатысты шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары