21.07.2025, 17:53
Жаңалықтар
«Балама тиіспеңдерші»: Алматыда пышақ ұстаған ер адамдардың жанжалы видеоға түсіп қалды
Жағымсыз оқиға түнгі уақытта болды
Фото: Видеодан скрин
Алматыда ер адамдардың арасында жанжал болды. Оқиғаға қатысты пікірді қалалық полиция департаменті білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнынан түсірілген видеоны Instagram желісіндегі taldykorganec_kolesa паблигі жариялады. Кадрларда ашулы ер адамдардың өзара жанжалдасып жатқанын көруге болады.
«Түнде Алматыда пышақтасу болды», – делінген видео астындағы жазбада.
Бұл жағдайға қатысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Аталған факт бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын бастады. Ер адамдардың арасында жанжал ауызша сөзге келіспеушілік негізінде туындағаны анықталды, басқа да мән-жайлар анықталуда», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды